Астрономия

Полимерлену

Полимерлену – қарапайым, төмен молекулалы қосылыстарды одан да жоғарымолекулаға қосуға мүмкіндік беретін процесс. Бұл үшін бастапқы қосылыстағы әр молекула кемінде сол немесе басқа екі молекуламен байланысу қабілеті болу керек немесе басқаша айтқанда, бастапқы молекулалар, кемінде, бифункционалды болу керек. Қосылыстың функционалдығы реакциялық топтың санына байланысты (-ОН, -СООН, -NН2 және басқалар), олардың құрамында немесе қысқаша олардың қатысында – қос немесе үш байланыс болу керек.

Тізбекті полимерлену үшін мономер молекуласы бір — біріне тізбекті реакция механизмі бойынша өте тез қосылуы тән. Бұдан жанама өнімдердің бөлінуі болмайды, соңғы полимердің элементарлық құрамы мономердің, димердің, тримердің құрамына сәйкес келеді және басқа да сатылы қосылыстағы өнімдер түзілмейді.

Тізбекті полимерлену үш негізгі сатыдан тұрады: инициирлеу, өсу және тізбектің үзілуі, және де реакция босрадикалды, ионды немесе координациялық механизм бойынша өтуі мүмкін. Механизміне байланысты реакцияларды радикалды, ионды (катионды немесе анионды) және координациялық полимерлену деп ажыратады. Өскен тізбек макрорадикалдарды, макрокатиондарды немесе макроаниондарды анықтайды.

Берілген механизм бойынша бір немесе бірнеше рет байланысты қанықпаған қосылыстар: винильді қосылыс және диенді көмірсутектер, циклді мономерлер(оттектілер және лактондар), сонымен қатар функционалды топта қанықпаған байланысы бар қосылыстар (карбониль туындылары) полимерленеді.

Радикалды полимерлену процесін жалпы түрде былай көрсетуге болады:

1). Инициатор → 2R .

R· + М → R1· инициирлеу

2). R1· +М→ R2·

R2· +М→ R3· тізбектің өсуі

R3· +М→ R4·

3). Rn· → Р тізбектің үзілуі

Радикалды полимерленудің инициирленуі реакциялық ортада реакциялық тізбек бастауға қабілетті бос радикалдың түзілуімен жүзеге асады. Бұл көбіне мына жағдайда болады:

1) химиялық инициирлену – гомолитикалық ыдырауға оңай түсетін арнайы заттарды, инициаторларды, қолдануымен,

2) термиялық инициирлену – жылудың әсерімен,

3) фотоинициирлену – жарықтың әсерімен,

4) радиациялық инициирлену – радиациялық сәулелену әсерімен.

Тізбектің өсуі сатысында мономер молекуласының инициирлеу нәтижесінде түзілген радикалға біртіндеп қосылуымен жүзеге асады. Радикалды механизм бойынша полимерленетін ең типтік мономер этилен қатарының СН2=СНХ типтегі мономері болып табылады, мұнда X – функционалдық топ, және диенді мономерлер.

Тізбектің үзілуі. Радикалды полимерлену кезінде кинетикалық үзілуді, яғни активті центрдің жойылуын, және тізбектің өсуін тежейтін реакцияны ажырату керек. Бірінші түрге рекомбинация және диспропорция, екінші түрге тізбектің берілуі жатады, тізбек мономердің химиялық табиғатына байланысты [9].


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *